Жақында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО -2017-нің комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған Қазақстан делегациясы Тәжікстан Республикасында жұмыс сапарымен болды.
Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Д.Саидпен, Экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматуллозодамен және Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлатзодамен өткен кездесуде тараптар екі елдің қарым-қатынас мәселелерін талқылады. ЭКСПО-2017-нің комиссары Астана қаласында өткізілетін Халықаралық көрмеге дайындық барысы туралы әңгімелеп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» ынтымақтастық бағдарламасы туралы тілге тиек етті. Өз кезегінде Тәжікстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Д.Саид екі ел арасында қалыптасқан жоғары түсіністік пен бауырластық қарым-қатынастарға жан-жақты тоқталды.
Сонымен бірге, Саид мырза Тәжікстан Республикасы үкіметі атынан өз елінің «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне белсене қатысатынын атап көрсетті. Ол тәуелсіз Қазақстанның елордасында өтетін бұл жаһандық шара барысында Душанбе лайықты орын алатындығын айтты. Экономикалық даму және сауда министрі Н.Хекматуллозода Астана қаласындағы Халықаралық көрмеге Тәжікстан Республикасының қатысу мәселелерін тілге тиек ете келіп, көрмеге қатысу шарттарымен танысу қажеттігін атап көрсетті. ЭКСПО-2017 комиссары Р.Жошыбаев екіжақты жүздесулер барысында елімізде өтетін Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі тақырыбының маңыздылығына тоқталып, оның өңірдегі балама қуат көздерінің дамуына серпінді ықпал ететіндігін нақты мысалдармен ашып көрсетті. Сонымен бірге, тараптар тау-кен металлургия өнеркәсібінде, көлік және энергетика саласында белгіленген біріккен жобалардың іс жүзіне асырылу мәселелерін талқылады. Әлемдік экономикадағы келеңсіз жағдайларға қарамастан, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың жан-жақты дамып отырғандығын атап көрсетті. Сыртқы істер министрінің орынбасары П.Давлетзодамен болған кездесуде Тәжікстанда Қазақстанның Мәдени күндерін өткізу мәселелері тілге тиек етілді.
Әзірлеген
Жылқыбай Жағыпарұлы,
«Егемен Қазақстан».

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19