06 Ақпан, 2015

Астанада 6 жаңа өндіріс ашылады

764 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Ми­нис­трдің орынбасары Бердібек Са­­пар­баевтың қатысуымен Аста­на қаласында мемле­кет­тік органдардың, ұлт­тық компа­ния­лардың және елор­дадағы ірі өн­діріс орындары­ның басшы­лары­ның қатысуымен жергілікті мазмұнды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелеріне арналған жиын болып өтті. Астана қаласының ин­дус­триялық паркіндегі «Локомотив құ­растыру зауыты» АҚ кәсіп­ор­нында өткен бұл басқосуда Ас­тана қаласы әкімдігі мен ұлт­тық компаниялар арасында өзара ықпалдастық пен жергілікті маз­мұндағы өнімдерді шығару көлемін арттыру мәселелері және қала әкімдігі, елорда кәсіп­орын­дары мен кәсіподақ арасында өндіріс процестерін тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылған жұмыс­шы­ларды әлеуметтік қорғау мәсе­лелері бойынша үшжақты мемо­рандумдарға қол қойылды. Басқосу барысында Бердібек Сапарбаев жиналғандардың назарын бүгінгі таңда дүниежүзін алаңдатып отырған әлемдегі саяси, экономикалық күрделі ахуал­мен таныстырып, алдағы уақыт­та әлемдік дағдарыс салқы­нын қазақстандықтар қатты сезін­бей­тіндей кешенді шараларды ұйым­дастырып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы әлеу­меттік міндеттемелер мен ке­піл­діктерді сөзсіз орындау қажет­тігіне аударды. Ол үшін еліміз­де барлық мүмкіндіктер ойлас­ты­­рылған. Елбасының «Нұр­лы Жол – болашаққа бастар жол» Жол­дауындағы жеті бағыт­ты бас­­шылыққа ала отырып, эконо­микаға салқынын тигізіп отырған қиын­дықтарға төтеп берудің оңтай­лы жолдарын іс жүзіне асыру қажет. Кездесуде сөз алған қала әкімі Әділбек Жақсыбеков Елбасының тапсырмасына сәйкес, әкімдіктер мен ірі кәсіпорындар арасында өндіріс үдерістерін тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілдіктерін қам­тамасыз ету мәселелері бойынша кең ауқымды шаралар өткізіліп жатқанын айтты. Бұл бағытта мемлекет тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Бір ғана «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ая­­сында Астанада 8 мыңға жуық жұ­мыс орнын сақтап, қо­сымша 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қол жеткізілді. – 2015 жылы елордада жаңа 6 өндіріс іске қосылып, оларда қосымша 1600 жұмыс орыны құ­рылады деп жоспарлануда. Осы орайда біздің басты мақсатымыз – оң нәтиже көрсетіп отырған қала экономикасының қарқынды өсімін сақтап қалу, – деді қала әкімі. Кеңес барысында Астанадағы ірі кәсіпорындар шығаратын отандық тауарларды арттырып, жер­гілікті мазмұндағы өндіріс өнім­дерін көбейту мақсатында жал­пы сомасы 105 млрд. теңгені құрай­тын 10 меморандумға қол қойылды. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ, «Қа­зақ­те­ле­­ком» АҚ, «Самұ­рықЭнерго» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қаз­Транс­Ойл» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қаз­ат­ом­пром» АҚ сияқты ірі кәсіпорындар бар. Жұмыс орындарын сақ­тау және өндіріс үдерісін тұрақ­тан­дыру мәселелері бойынша күн тәртібіне ұсынылған үшжақты 7 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумға қол қойған аста­налық кәсіпорындар қатарында «Цесна Астық» концерні» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК, «Ас­тана – Зеленстрой» АҚ, «Локо­мо­тив құрастыру зауыты» АҚ, «Ас­тана Та­залық» ЖШС, «Құлагер» құ­ры­­лыс корпорациясы» ЖШС, «Базис» құрылыс корпорациясы» ЖШС бар. Елорда әкімі Әділбек Жақсы­беков барлық тараптар мемо­рандум талаптарын ұстанатын­дарына және жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек құқық­тарын толық көлемде сақтауды қамтамасыз ететіндеріне, сонымен қатар, еліміздің бас қаласы экономикасының алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».