Әлем • 06 Ақпан, 2025

Америкада заңсыз мигранттар түрмеге тоғытыла бастады

698 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тан депортацияланған мигранттар Гуантанамо түрмесіне жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды 

Америкада заңсыз мигранттар түрмеге тоғытыла бастады

Фото: BBC

Бұл АҚШ-тың Кубадағы әскери базасында орналасқан қатаң тәртіптегі түзету мекемесі.

Бұған дейін мұнда «Әл-Каида» мүшелері қамауда отырған. Енді онда арнайы бортпен адам саудасы, есірткі тасымалы және басқа да қылмыс жасаған заңсыз мигранттар жеткізіліп жатыр.

Дональд Трамп қызметіне кірісе салысымен АҚШ-қа заңсыз кірген босқындарды үйлеріне қайтаруға кіріскен. Қолда бар мәліметке сәйкес олардың саны 11 миллионға жуықтайды. Президент АҚШ аумағында қылмыс жасаған заңсыз мигранттарды Гуантанамодағы әскери базаға жіберуді бұйырған. Мұнда 30 мыңнан аса мигрант көшірілуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар

Табиғат тылсымы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:12

Өлшемдері өзгеше

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Судан шыққан шу

Шымкент • Бүгін, 08:08

Деревянко демеушілік еткен көкпар

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:05

Құпия құбылыс

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02