Оқиға • 07 Ақпан, 2025

Қостанай облысында заңсыз алтын өндіргендер жауапқа тартылды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай облысы бойынша жер ресурстарын басқару басқармасы Жітіқара ауданының прокуратурасымен және Ішкі істер органдарымен бірлесіп, жайылымға арналған жер телімінде заңсыз алтын өндіру фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында  заңсыз алтын өндіргендер жауапқа тартылды

Фото: АШМ

Тексеріс барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жер учаскесін иеленгені анықталған. Алайда жер иесі іс жүзінде топырақты жуу әдісі арқылы заңсыз бағалы металдар өндірумен айналысқан.

Аумақты тексеру барысында арнайы техника, металл іздегіштер мен пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылған.

«Сонымен қатар, топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы фактісі тіркелді. Департамент 2,6 миллион теңге айыппұл салды. Сондай-ақ  серіктестік заңсыз әрекеттердің салдарынан бүлінген құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіруге міндетті», деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.