Қазақстан • 07 Ақпан, 2025

Шетелдік журналистер Қазақстан туралы кітап шығарды

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Америкалық travel-журналистер Қазақстанның бірегей дәстүрін, табиғаты мен мәдениетін паш ететін «АLMATY Through American Eyes» жинағын шығарды. Басылым еліміздің бес мәдени ерекшелігін көрсетеді, атап айтсақ жеті атаға деген құрмет, ежелгі рәсімдерге деген сенім, киіз үйлердегі этикет, шахмат ойнау мәдениеті және құстарды аң аулауға үйрету өнері, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік журналистер Қазақстан туралы кітап шығарды

Фото:Kazakh Tourism PR

Американың саяхат жайлы жазушылар қоғамының (SATW) мүшелері 2023 жылы Kazakh Tourism АҚШ-тың travel-журналистері мен фотографтары үшін Алматы қаласында және оның айналасында баспасөз турын ұйымдастырған. Меймандар басты тарихи және туристік бағыттармен, гастрономиямен танысқан. Олар Қазақстанға жасаған сапары туралы әсерлерін буклетте баяндауды жөн көрген. Бұл шетелдік оқырмандарға американдықтардың көзімен Қазақстанға қарауға мүмкіндік береді.

«Табиғаты мен мәдениеті бай және бейбіт Қазақстанның бір бұрышын аралау және зерттеу үлкен қуаныш! Мен бұл ел туралы алғаш рет мектепте «Дүниежүзі тарихы» курсында білдім. Жоғары сыныпта оқып жүргенде Қазақстанға келу мүмкіндігіне ие боламын деп ешқашан ойламаған едім. Кітаптағы мақалалар мен фотосуреттер – осы тіршілігі қайнаған қала мен көркем ел туралы әсеріміз бен жылы естеліктеріміздің көрінісі», деді кітаптағы мақала авторларының бірі Дэвид Ланг.

Жинақ авторлары Қазақстанның мәдениеті, табиғаты мен дәстүрлері туралы баяндап, өзіндік ерекшелігі мен бай мұрасын көрсетуге талпынған. Оның ішінде ұлттық тағамдардан бастап музыкалық аспаптарға және зергерлік бұйымдарға дейін қамтылған.

Алматыға саяхат шетелдік қонақтарға Қазақстанның гастрономиясымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Олар жергілікті тағамдардың алуан түрлігін, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын ерекше атап өтті. Шарын шатқалы, Қайыңды көлі және Көктөбедегі The Beatles мүсіні саяхаттың жарқын сәтіне айналған.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап Kazakh Tourism Американың саяхат жайлы жазушылар қоғамымен (SATW) ынтымақтастық орнатқан.