Әлем • 10 Ақпан, 2025

Қытайда көшкін кезінде 28 адам жоғалып кеткен

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында көшкін жүріп, бір адам қаза тауып, 28 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда көшкін кезінде 28 адам жоғалып кеткен

Фото:Синьхуа

Жергілікті үкіметтің мәліметінше, 8 ақпан күні таңертең Ибинь өлкесінің Цюньлинь округіне қарасты Цинпин ауылында болған көшкіннен кейін аймақта тұратын 360 адам эвакуацияланған.

Сонымен қатар, көшкін салдарынан 10 үй мен өндірістік ғимарат қирап қалған. Сондай-ақ билік  көшкіннің қайталану  қаупі бар екенін ескертті.

Құтқарушылар дрондар мен радарлардың көмегімен жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр.