Оқиға • 13 Ақпан, 2025

Шәкір Шаяхметов өңірлердегі сот қауымдастығымен кездесті

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов жұмыс сапары аясында бірқатар өңірлерде болып, сот инфрақұрылымының жай-күйімен, жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ сот қауымдастығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шәкір Шаяхметов өңірлердегі сот қауымдастығымен кездесті

Шәкір Шаяхметов Абай облысында сот органдарының, соның ішінде Бородулиха аудандық сотының ғимараттарының жөндеу жұмыстарын тексерді.

Ол СӘ облыстық департаменті басшылығының назарын үй-жайлар мен жабдықтарды жаңартып қана қоймай, судьяларға, сот қызметкерлеріне және келушілерге қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне аударды.

Барлық жұмыстардың мерзімінде және сапалы аяқталуын қадағалауды күшейтуді талап етті.

2

Қауіпсіз деп танылған Ақмола облысының Атбасар аудандық сотының ғимаратында болған Шәкір Шаяхметов СӘ облыстық департаментінің басшылығымен кездесуде төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын, сондай-ақ сот ғимаратын жалға беру нұсқаларын талқылады.

«СӘ Қостанай облыстық департаментінің басшылығымен аудандық соттардың ғимараттары тексеріліп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту мәселелері, оның ішінде ауданаралық сот құру мәселесі талқыланды. Алтынсарин ауданы, Қостанай қаласының N2, МАЭС және облыстық соттардың судьяларымен және мамандарымен кездесулер барысында сот ісін жүргізудегі ІТ-технологияларды дамыту және соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту мәселелері туралы сөз болды», делінген хабарламада.

Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары кездесулерде әріптестерінің жұмысының жауапкершілігі зор екенін атап өтіп, сот әкімшілігі мәселелерін дер кезінде шешудің маңыздылығын айта келе, сот қызметкерлерін келушілермен сөйлескенде олардың тілектерін тыңдауға және сот әкімшілігі қызметінің сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.