
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Естеріңізге сала кетейік, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, апат орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық жедел штабы ашылды. Алдын ала мәліметтер бойынша шахтада табиғи газ жарылған.
«Қазір шахтада жұмыс тоқтатылды. Екі арнайы комиссия құрылды: біреуі апаттың себептерін анықтауы керек, екіншісі қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтайды. Комиссиялар өз жұмысын 10 күн ішінде аяқтауға тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау шаралары көрсетіледі», делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясы ұжымдық шартқа сәйкес көмек көрсетеді, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыру, жылдық орташа жалақының 10 еселенген төлемі, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан қызметкерлердің несиелері мен қарыздарын өтеу бойынша көмек түрлері бар.