
Фото: liter.kz
Өз кезегінде «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду баяндама жасады.
«AZAL әуе компаниясы ұшағының апатынан кейін берген тапсырмаңызға сәйкес біз Астана, Павлодар, Алматы, Ақтау, Шымкент, Өскемен әуежайларын тексердік. Сонымен қатар Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan сияқты тұрақты әуе тасымалдаушыларының 71 азаматтық әуе кемесіне перрондық тексеру жүргізілді. 686 әуе компаниясы ұшқышының дайындығы мен ұшу алдындағы бақылауына талдау жасалды», деді Каталин Раду.