
Фото: Ашық дереккөзден
Облыстық полиция кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеру басталғанын хабарлады.
«19 ақпан күні мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасаған. Бала ауруханаға барып, дәрігердің көмегіне жүгінген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады», делінген хабарламада.
Күзетшіге қоғамдық орынға мас күйде келгені үшін айыппұл салынып, медициналық айықтырғышқа орналастырылған.
Мектеп күзетшісінің мас күйде қызмет етуіне жол берген мектеп басшылығы да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.