
Фото: Қала әкімдігі
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше қаланың 4 оқушысы Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысып, күміс медальмен оралған. Қала командасы республикалық жарыстарда бірінші орын алып, 63 медаль жеңіп алған әрі «2024 жылдың үздік олимпиадалық командасы» атанған.
Сонымен қатар, алматылықтар Далластағы робототехника чемпионатында үздік ондыққа кіріп, Женева, Сингапур, Афинада үш рет әлем чемпионы болған.
Енді жас өнертапқыштар Almaty Tech Cup жарысында бақ сынап, Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғайды.