Оқиға • 24 Ақпан, 2025

Заңсыз казинодан 77 млн теңге табыс тапқандар сотталды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Маңғыстау облысының департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз казинодан 77 млн теңге табыс тапқандар сотталды

Фото: ҚМА

Ведомствоның хабарлауынша, қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беріліп отырған. Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асқан.

«Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алғаны анықталды. Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленген.