
Фото: Ашық дереккөз
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, жол апаты Бөгенбай батыр даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында болған.
«Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Kia көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Kia көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейінірек 52 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.