
Фото: Теміржол және су көлігі комитеті
Олар – Қазақстан-Британ техникалық университеті (КБТУ) және Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (КУТИ) жанындағы теңіз академиялары.
КБТУ 94 кадет (89-ы грантта) «Кеме жүргізу», «Кемелік энергетикалық қондырғыларды пайдалану / Кеме механикасы» мамандықтары бойынша білім алады.
КУТИ– 156 кадет (87-і грантта) - «Кеме жүргізу», «Кемелік энергетикалық қондырғыларды пайдалану», «Кеме электроқондырғылары мен автоматика құралдарын пайдалану», «Порттар мен көлік терминалдарының тиеу-түсіру жабдықтарын пайдалану» бағыттарында оқиды. Мамандарды даярлау 1978 жылғы «Теңізшілерді даярлау, дипломдау және вахталық қызмет атқару туралы халықаралық конвенциясына» (ПДНВ) сәйкес жүргізіледі.
Көлік министрлігіне қарасты теміржол және су көлігі комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 1 жыл бойы кадеттер Каспий теңізінде Қазмортрансфлот, Caspian Offshore Construction, P&O Maritime Logistics, AB Флот сынды кемелерде тәжірибе алады. Ал жыл сайын Қазақстан-Британ техникалық университетінің үздік кадеттері Эйндрахт желкенді кемесімен Атлант мұхитын кесіп өтеді.