Қоғам • 26 Ақпан, 2025

Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды

Сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы:

"РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы- Қызылорда облысының шекарасы);
"Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 104-250 шақырым аралығы (Қандыағаш ауылы - Қараукелді ауылы).

Қызылорда облысы:

"РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).
Жол учаскелерін 26 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.