Оқиға • 26 Ақпан, 2025

Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Ашық дереккөз

2025 жылғы 26 ақпан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығындағы учаскесінде (СҚО шекарасы - Жақсы а.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Аталған жолды 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.