Күрес • 27 Ақпан, 2025

Әлемдік додада балуандар 3 жүлде еншіледі

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингілік турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік  додада балуандар 3 жүлде еншіледі

Фото: ҰОК

Жарыстың алғашқы күні Қазақстанның еркін күрес шеберлері 3 жүлде жеңіп алды.

Отандасымыз Болат Сақаев (86 келі) күміс жүлде олжалады. Ол финалдық белдесуде америкалық спортшы Чендлер Марстеллерге жол берді. 

Ал, Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола медальге ие болды.