
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында: «Рамазан – сабыр, игі істер және рухани кемелдену айы. Ораза – тек тамақ пен судан тыйылу ғана емес, жан дүниені тазартып, нәпсіні тәрбиелеу», деді.
Мегаполистің бас имамы барлық мешіттерде тарауих намаздары оқылып, Құран хатым түсірілетінін еске салды.
Жамағатқа жайлы болуы үшін Алматы Орталық мешітінде «Рамазан шатырын» орнату жоспарланып отыр. Онда күн сайын 450 адамға тегін ауызашар беріледі.
Сонымен қатар, түрлі дәрістер мен рухани кездесулер ұйымдастырылады.
Имам кәсіпкерлерге үндеу татсап, қасиетті айдың құрметіне әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10%-ға арзандатуды сұрады. Сонымен қатар, тұрғындарға қасиетті айда алкоголь өнімдерін сатудан және ішуден бас тарту ұсынылды.
Ай бойы қала мешіттерінде діни дәрістер, түсіндіру жұмыстары және мерекелік шаралар өтеді. Олардың ішінде рухани дәстүрлерді жандандыруға бағытталған «Жарапазан-Party» байқауы да бар.