Оқиға • 28 Ақпан, 2025

Астанада ер адам жанжал кезінде танысын атып өлтірген

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық полиция департаменті оқиғаны растап, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада ер адам жанжал кезінде танысын атып өлтірген

Фото: Ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрын таныс адамдар арасындағы кикілжің кезінде болған. Жанжалдың салдарынан күдікті марқұмның басына оқ атқан.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру қаруы тәркіленді», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.