Президент • 03 Наурыз, 2025

Қ.Тоқаев Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Қ.Тоқаев Болгария Президентін Азат ету күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.