Оқиға • 03 Наурыз, 2025

Елімізде 700-ге жуық шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 700-ге жуық шетелдік такси жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 700-ге жуық шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

Фото: pexels

Көші-қон қызметінің мәліметінше, 5 күн ішінде өткен рейдтік іс-шаралар барысында 46 мың көлік тексеріліп, 1 080 шетелдік азаматтың жеке тасымалмен заңсыз айналысқаны белгілі болған. Олардың 691-і  қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, такси қызметін көрсеткен.

Сондай-ақ 234 шетелдік азаматтың ел аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны анықталса, 457-сі Қазақстанда болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылып, оның 103-і жеке басын анықтау мақсатында қабылдау-тарату орындарына орналастырылған. Сонымен қатар, 38 қазақстандық азамат шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік арқалаған.