Елорда • 03 Наурыз, 2025

Астанада вандалдардың суреті жария көрсетіледі

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі вандализммен күрестің ерекше түрін тәжірибеге енгізді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада вандалдардың суреті жария көрсетіледі

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Енді Астана қаласында мемлекет мүлкі мен жекенің дүниесіне зиян келтіргендердің суреті биіктігі 65 метр болатын айналма дөңгелегінен көрсетіледі.  Әкімдік бұл әдіс арқылы осы мәселеге қоғамның назарын аударып, бұзақылықтың алдын алуды көздеп отыр. 

«Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен «Құқық және тәртіп» аясында жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың басынан бері бұзақылық жасағаны үшін 25 адам жауапқа тартылды. Оның 11-іне айыппұл салынып, 14-і әкімшілік қамауға алынды», делінген әкімдік хабарламасында. 

Былтыр Астанада бұзақылық жасаған 350-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, бұзақылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.