Елорда • 03 Наурыз, 2025

Елордада «Сергек» камераларының қызметі тоқтатылады

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сергектің» орнын БАӘ-нің «Presignt» компаниясы алмастыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Елордада «Сергек» камераларының қызметі тоқтатылады

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлеймановтың айтуынша, «Сергек» жобасы Астанада 2017 жылдан бері іске асырылған.

«Осы жылдың 13 наурызында шарттың қолданылу мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде және жобаны одан әрі дамыту үшін біз G42 холдингіне кіретін presight халықаралық компаниясымен Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару үшін шешім жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргіздік. Жаңа жобаны қалыптастыру кезінде ағымдағы жобаның кемшіліктері ескерілді», деді ол.

Айта кетейік, жаңа компания елордада 10 мың заманауи камера, 502 аппараттық-бағдарламалық кешендерін орнатады, 8 мың камераны терроризм қаупі туындауы мүмкін нысандармен (мектеп, балабақша, әуежай, вокзал, ЛРТ) интеграциялайды, деректерді өңдеу орталығын құрады.

Компания видеоаналитиканың 50 түрін ұсынады:

  • Рөлде келе жатып телефонмен сөйлесуді анықтау;
  • Қауіпсіздігін белдігін тақпау фактісін анықтау;
  • Бос емес қиылысқа шығып кетуді анықтау;
  • Екінші жолақпен бұрылуды анықтау;
  • Рұқсат етілмеген жерде тоқтауды анықтау;
  • Транспорт түрін анықтау (жеңіл, жүк, марка, түс);
  • Адамдардың құлауын анықтау;
  • Төбелестерді аңғару;
  • Қару-жарақты байқау;
  • Рұқсат етілмеген жерде темекі шегуді анықтау және т.б.