
Фото: Ашық дереккөз
Куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен әйелін ұрып-соғып, кейін баласына шабуыл жасаған. Бала пәтерден қашып шыққан кезде әкесі соңынан қуып, оны суға батырмақ болған.
Абырой болғанда, жолаушылардың бірі жылап тұрған баланы құтқарып қалған. Үй тұрғындары да көмекке келіп, баланы подъезге кіргізген.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр.