Оқиға • 04 Наурыз, 2025

«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ заңсыз айналымдағы қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Фото: polisia.kz

Осы жұмыс аясында полицейлер бірнеше облыстың аумағында қару жасырылған төрт орынды тапты. Олардың үшеуінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылғаны анықталды. 

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың бір парасы Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған ғимараттан табылып, Remington 11-87 маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

вв

Жамбыл облысы Бірлесу ауылының шетінде қару жасырылған жер табылды, онда Benelli  моделінің тегіс ұңғылы мылтығы (қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), қос ұңғылы аңшы мылтығы, қол гранатасы және төрт патрон тәркіленді.
вв

Сонымен қатар Жаңатас қаласының жанында тегіс екі ұңғылы мылтық, газ тапаншасы және үш оқ-дәрі жасырылған орын анықталды.

Алматы облысындағы кенттердің бірінде арықтан әртүрлі калибрлі екі аңшы мылтығы (олардың бірі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған), жарық-шу гранатасы, АК-74 магазині, жеті патрон және қара тактикалық бетперде табылды.

ІІМ нөмірлері жойылған қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қатысты қосымша тексерулер жүргізеді.

Айта кетейік, кейінгі үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту мен рейдтердің арқасында түрлі 8 119 қару, 845 граната, 114 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленген. Сондай-ақ 738 қару жасырылған орын табылған.