
Фото: istockphoto.com
Облыстық прокуратура «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізген. Нәтижесінде, аталған мекеменің екі есепшісі 15 жыл бойы өздеріне заңсыз түрде артық жалақы аударып келгені белгілі болған.
Қаржы жымқыру көлемі 300 миллион теңгеден асқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.