
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін сағат 11:45-те Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұрағанда ол әуежай қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан еді. Оқыс оқиға кезінде әуежай қызметкеріне жолаушы ер адам араша түсті.
«Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», делінген Руслан Желдібайдың жазбасында.