Оқиға • 12 Наурыз, 2025

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық басталды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық аясында елімізде әскери техниканы тасымалдау және жеке құрамның қозғалысы басталады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық басталды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Министрліктің хабарлауынша, 2024 жылғы 13 наурыздан бастап әскери техниканың теміржол арқылы және өз жүрісімен қозғалысы жоспарланған. Осыған байланысты кейбір аймақтарда жолдардың жекелеген учаскелерінде уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

«2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады. Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз», делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауға, жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады.