Бокс • 17 Наурыз, 2025

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қалай өтті

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 наурызда басталған әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері күні кеше анықталды. 51 мемлекет өкілдері бақ сынаған бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы үздіктер қатарынан табылды, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қалай өтті

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан құрамасының арулары әлем чемпионаты барысында 35 жекпе-жек өткізіп (Еуропа - 16, Азия - 10, Африка - 4, Оңтүстік Америка - 2, Солтүстік Америка - 2, бейтарап - 1), оның 26-сында жеңіске жеткен.

2 жекпе-жекте жеңіс автоматты түрде отандастырымызға берілген.Қазақстан әйелдер құрамасы үш алтын, екі күміс, бір қола медельмен Ресейден кейін екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті 1 алтын, 2 күміс, екі қоламен түркиялық қыздар түйіндеді. 

Сербияның Ниш қаласында өткен халықаралық додаға Қазақстан және Өзбекстан құрамалары ғана барлық салмақта 12 боксшысын жарысқа қосты. Айта кетейік, әлем чемпионатында көрші ел құрамасы 1 күміс, 3 қола жүлде еншіледі. 

Тартысты бәсекелерден соң Қазақстан әйелдер құрамасында тарихи нәтиже тіркеді. Мәселен, 48 келіде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай Қазақстан бокс тарихындағы алғашқы 3 дүркін әлем чемпионы атанып, әр әлем чемпионатында Қазақстан әнұранын бірінші болып шырқатқан боксы болып отыр.

Әлем чемпионатына алғаш қатысқан 3 боксшымыз жүлдегерлердің қатарына кірді.

Сайыстың жүлде қоры:

1-орын - 100 мың АҚШ доллары
2-орын - 50 мың АҚШ доллары
3-орын - 25 мың АҚШ доллары
Ширек финалистер - 10 мың АҚШ долларын құрады.