Спорт • Кеше

Азия кубогі кезеңінде Қазақстан 4 алтын жеңіп алды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ски-альпинизмнен Оңтүстік Кореяда өткен Азия кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы сәтті сайысты, деп жазады Egemen.kz.

Азия кубогі кезеңінде Қазақстан 4 алтын жеңіп алды

Фото: Qazsporttv

Отандастарымыз жалпы 7 медаль жеңіп алды, оның 4-еуі алтын.

Тік көтерілу жарысында Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев жеңімпаз атанды. Нияз Жанзақов күміс жүлде иеленіп, Денис Власов қола медаль еншіледі.

Спринт сайысында Денис Власов пен Әсем Назырова бірінші орын алып, Нияз Жанзақов екінші орынға тұрақтады.