Заң • 27 Наурыз, 2025

Президент «Орталық Азия» кооперация орталығы туралы заңға қол қойды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президент «Орталық Азия» кооперация орталығы туралы заңға қол қойды

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.