Оқиға • 31 Наурыз, 2025

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның мәліметіне сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Фото:depositphotos.com

«Аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген. Бизнес субъектісінен 50 миллион теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған», делінген хабарламада.

Былтыр қазан айында күдікті аталған елдің Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша елге экстрадицияланған.

Тағылған айып бойынша оның мүлкін тәркілей отырып, оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25