
Фото: gov.kz
Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері «Парыз-2025» байқауында 4 аталымда «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.
Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдау керек.
Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік департаменттеріне хабарласуға болады.