Бокс • 31 Наурыз, 2025

Бүгін бокстан әлем кубогінің бірінші кезеңі басталады

77 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан уақытымен 1 сәуір түнгі 02:00-де World Boxing аясында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогінің бірінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін бокстан әлем кубогінің бірінші кезеңі басталады

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

Бұл жарыста әлемнің 19 елінен келген 130 спортшы жүлдеге таласады. Азия құрлығынан Қазақстан, Өзбекстан, Тайпей, Үндістан мемлекеттері бар. 

50 келіде 8 боксшы бақ сынайды. 

Нұрзат Оңғаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан, 2024 жылғы Азия чемпионы)

55 келіде 12 боксшы шаршы алаңға шығады.

Нұрсұлтан Алтынбек – Майкл Триндаде (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2021 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Махмұд Сабырханға есе жіберген)

60 келіде 7 боксшы жұдырықтасады.

Талғат Сырымбетов – Луиз Оливейра (Бразилия, Париж Олимпиадасының қатысушысы)

65 келіде 10 боксшы өзара кім мықтыны анықтайды. 

Алмат Әбдуәлі – Юри Рейес Фалькао (Бразилия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы)

Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Асахуджа Муйдинхуджаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.

70 келіде 12 боксшы жарыс жолын бастайды. 

Бұл салмақта Дархан Дүйсебай ширек финалда Макан Траоре (Франция, Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Асланбек Шымбергеновке есе жіберген) мен Криштиану Перейраның (Бразилия) жеңгенімен шығады.

80 келіде 11 боксшы жарыс жүлдесін сарапқа салады. 

Диас Молжігітов – Никоден Козак (Польша)

Жартылай финалда 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонзалес (АҚШ) немесе 2024 жылғы Азия чемпионы Жавохир Умматалиевпен кездесуі мүмкін.

85 келіде 7 боксшы алтын үшін айқасады. 

Осы салмақта ел намысын қорғайтын Дәулет Төлемісов жартылай финалда Абдулайе Траоре (Франция, биыл «Странджа» турнирінде Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілді) немесе Жугно Жугноқа қарсы рингке шығады. (Үндістан, 2024 жылы өткен 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері) 

+90 келіде 7 боксшы әлем кубогін бағындыру үшін күш салады. 

Даниял Сапарбай – Нарендер (Үндістан, 2023 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері)

Жартылай финалда Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) күтіп тұр.

Бүгін шаршы алаңға ерлер құрамасынан Нұрсұлтан Алтынбек шығады. 

Жарыс жеңімпаздары 5 сәуір күні анықталады.