
Фото: Pixabay
ҚМДБ-ның хабарлауынша, биткоин ұлттық валюта ретінде мойындалмайды, себебі ол мемлекеттік кепілдіктер мен қаржылық заңдармен қорғалмаған және нақты активтерге негізделмеген орталықтандырылмаған виртуалды ақша болып есептелінеді.
Криптовалютаның нарығының тұрақсыздығы, оның құнындағы күрт өзгерістер адамдардың қаржылық шығындарға ұшырауына әкелуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, адамның мал-мүлкін арам жолмен алу және оның құқықтарын бұзу қатерін туғызады. Шариғатта белгісіздік деңгейі жоғары мәмілелерге тыйым салынғандықтан, биткоиннің анонимділігі мен шифрлау жүйелері алаяқтық әрекеттерге жол ашатыны да ҚМДБ тарапынан атап өтілді.
Сонымен қатар, биткоинның айналымы экономикалық тұрақтылыққа теріс әсер етіп, көлеңкелі бизнесті, ақшаны жылыстатуды және тыйым салынған ұйымдарды қаржыландыруды жеңілдетуі мүмкін деп пайымдалады. Осылайша, ҚМДБ шариғат тұрғысынан биткоинді пайдалануға қатаң тыйым салынатынын жариялады.