11 Ақпан, 2015

Ресей Януковичті Украинаға бермейтін болды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-02-15-ianuk-1

АСТАНА. 11 ақпан. Кеше, 10 ақпан күні Ресей прокуратурасы Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичті Украинаға бермеу керек деп шешті. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады. «Біз міндетті түрде Украина бас прокуратурасындағы әріптестеріміздің сұранысына жауап береміз», - деп сендірді Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайка украин жағының Украинаның экс-президенті Виктор Янукович пен оның бірқатар жақтастарын тұтқындап, ұстап беру жөніндегі сұранысына байланысты. Бірақ жауап сұранысты қанағаттандырмауға құралады. Юрий Чайка неліктен экс-президентті ұстап бере алмайтындарын да айтты.  Себебі, Ресей бұл кісілерді қудалаудың астарынан тек саяси себептерді ғана көріп тұр. Халықаралық-құқықтық құжаттар секілді, Ресей заңнамасы да саяси сипаты бар қылмыстық қудалауға ұшыраған шетелдік тұлғаларды ұстап беруді қолдамайды. Украина бас прокуроры 2015 жылғы 20 қаңтарда экс-президент Виктор Януковичті, экс-премьер Николай Азаровты және Украинаның бұрынғы қаржы министрі Юрий Колобовты экстрадация жасау жөніндегі құжаттарды дайындау процедурасын бастаған еді. 2015 жылғы 19 қаңтарда Украина бас прокуратурасының аталған тұлғаларды ұстап, жауапқа тарту жөніндегі кепілдемесін тергеу судьясы қанағаттандырды. Бұл үшеуіне сондай-ақ Интерпол халықаралық іздеу жариялады. Мұрат Айтқожа.