Әлем • 03 Сәуір, 2025

Келесі пандемия ертең басталып кетуі мүмкін - ДДСҰ директоры

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемді жаңа пандемияға дайын болуға шақырды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қауіпті вирус ертең-ақ таралуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келесі пандемия ертең басталып кетуі мүмкін - ДДСҰ директоры

Фото: Синьхуа

Гебрейесус ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің елшілері алдында сөйлеген сөзінде COVID-19 пандемиясы қазіргі қақтығыстар, геосаяси және экономикалық дағдарыстар аясында алыстағы естелік сияқты көрінетінін атап өтті. Алайда келесі пандемияның әлемдегі жағдайдың тұрақтануын күтпей, кез келген уақытта басталуы мүмкін екендігін ескертті.

«Ол 20 жылдан кейін де болуы мүмкін, ертең де басталып кетуі ғажап емес. Біз оған дайын болуымыз керек. Сондықтан да әлем сіздердің қатысуларыңыз бен көшбасшылықтарыңызға мұқтаж. ДДСҰ-ның пандемияға қарсы келісімін соңына дейін жеткізу керек», деді ол.