11 Ақпан, 2015

Президент: «Нұрлы жол» бағдарламасы - дағдарысқа қарсы шара

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-02-15-nazarbaev-1

АСТАНА. 11 ақпан. Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасының дағдарысқа қарсы шара екенін айтты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. «Санамалап атап өткенімдей теріс тенденцияларды жұмсарту үшін өткен жылы көптеген шаралар атқарылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл дағдарысқа қарсы шара. Мен дәл осы жылы қиындықтар болатындығын айтқанмын. Біз алдын орап, осы бағдарламаны қабылдадық. Ол қиын жағдайда экономикамыздың өсім және біздің азаматтарымыз үшін жұмыс орындарын құру нүктесі болып табылады», - деді Елбасы. Президент өз сөзінде бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысы кеңес тәртібімен өтетіндігін, Министрлер кабинетінің әрбір мүшесі өз пікірін білдіре алатындығын ескертті. Үкімет мүшелерінің өңірлерді аралап, облыс басшыларымен кездескенін әрі жергілікті кәсіпорындар мен әкімдіктер арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қойылғандығын еске салып өтті. Сәкен Майлыбай.