
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бүгін ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Онда Қазақстан құрамасы үш позицияға төмендеп, 113-орынға орналасқан. Бұл ретте Намибия, Вьетнам және Ливан құрамалары Қазақстаннан жоғары көтерілді.
ФИФА рейтингінің көшбасшысы болып Аргентина құрамасы қала бермек. Бұл команда 2026 жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысуын алғашқы болып қамтамасыз еткен ұлттық құрамалардың бірі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылы екі ресми матч өткізді:
- Уэльс құрамасына қарсы (3:1);
- Лихтенштейн құрамасына қарсы (0:2).
Лихтенштейнге қарсы жеңіс Қазақстан құрамасы үшін 11 жыл 6 ай ішіндегі әлем чемпионаттарының іріктеу матчтарындағы алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін Қазақстан мұндай жетістікке 2013 жылдың 6 қыркүйегінде жетіп, Астанада Фарер аралдарын 2:1 есебімен жеңген еді.