11 Ақпан, 2015

Елбасы: жоспарға өзгеріс енгізілуіне алаңдарлық негіз жоқ

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-02-15-nazarbaev-4

АСТАНА. 11 ақпан. Кейбір жоспарларымызға өзгеріс енгізгенімізге халқымыздың алаңдауына еш негіз жоқ. Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. «Біз әлеуметтік міндеттерді мұқият сақтай отырып, кейбір жоспарларымызға өзгерістер енгізетін боламыз. Бірақ біздің халқымыздың алаңдауына еш негіз жоқ. Оны мен айтқанмын», - деді Президент. Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының тамыры терең іргесі мығым, қоры жеткілікті екендігін баса атап өтті. "Біз мұндай өткінші қиындықтарды түгел алапат дағдарыстарға қарамай, қайыспай төтеп бергенбіз. Азаттықтың алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еске алыңыздар. Азия дағдарысынан, тіпті дүниежүзілік дағдарыстан да табысты өттік. Экономикасы кемімеген санаулы елдердің қатарында болдық. Сол күндердің өзінде бойға қуат, ойға сенім орнаттық», - деді Мемлекет басшысы. Сәкен Майлыбай.