11 Ақпан, 2015

Қызылорда прокуратурасы іздеген азамат Армениядан алдырылды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-02-15-arest-1

АСТАНА. 11 ақпан. Бүгін Қазақстан  Бас прокуратурасы ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, Қазақстан азаматы Араик Айвазянды Армениядан экстрадициялауға қол жеткізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. А.Айвазянға ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Осы үшін оған Қызылорда облысының прокуратура органдары іздеу жариялаған болатын. А.Айвазян 2011 жылы құрылыс компаниясының атқарушы директоры болған кезінде Арал қаласындағы көлік жолдарын жөндеуді орындау барысында 62 501 620 теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты ұрлаған. Тергеу барысында айыпталушы тергеу органдарынан жасырынып қалған және оның тұрғылықты мекенін анықтау ұзақ уақыт бойы мүмкін болмаған. Айвазян 2014 жылғы қыркүйекте Ереван қаласында ұсталғаннан кейін Қазақстанның Бас прокуратурасы белгіленген тәртіп бойынша оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы сұрау жолдаған және армян тарапы бұл сұрауды ағымдағы жылғы қаңтарда қолдады. Қазіргі таңда Қызылорда облысының арнайы прокурорлары аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде. Құрыш Нұрымбет. Дерек: Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.