11 Ақпан, 2015

Әскери қызметкердің өлім алдындағы хаты табылды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-02-15-vzryv-2

АСТАНА. 11 ақпан. Интернетте Астанада автокөлік жарылысы кезінде қаза тапқан подполковник Арман Сыздықовтың өлім алдындағы жазбасы делінген хат пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Сыздықовтікі делінген хатта екі фамилия аталады. Мәтінде: «Менің басқа амалым қалған жоқ, бұл қорлыққа одан әрі төзе алмаймын. (...) Оларды қалайда жазалайды және адамдармен жұмыс істеуден шеттетеді деп үміттенемін, бірақ мен оны көре алмаймын», - делінген. Айта кетейік, оқиға орнынан өлім алдында жазылған хаттың табылғаны бұған дейін хабарланған болатын. Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік 10 ақпан күні күндіз жарылды. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы отырған Chevrolet маркалы автокөлікте болды. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қаза тапқан. Көшеден өтіп бара жатқан жүргіншілердің ешқайсысы зардап шекпеген. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арман Сыздықовтың қорғаныс министрлігінің ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасында жұмыс істегені белгілі болды. Куәгерлер марқұмның қолында гранатаның мұрындығы болғанын көргенін айтты. Құрыш Нұрымбет.