11 Ақпан, 2015

Маңғыстауда жаңа газ кен орны іске қосылды

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01АҚТАУ. 11 ақпан. Маңғыстауда жаңа газ кен орны іске қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Шағырлы-Шөмішті» кенорны Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аумағында орналасқан. Бірнеше жылдан бері игеру жұмыстары жүріп жатқан кен орны «Жаңа индустрияландыру» бағдарламасы аясында ашылды. Шикізатты экспорттаудан дайын өнім ышғаруға көшудің нақты үлгісі, Маңғыстау өңірі экономикасын әртараптандырудың тағы бір қадамы болып табылатын жоба аясында жаңадан 200-ден астам жұмыс орындары ашылса, оның 70 пайыздайын жергілікті тұрғындар құрамақ. Өз жұмысын бастаған кен орны өндірген газды аймақтағы ірі экспорттаушы «ҚазАзот» зауыты өз өнім шығару үрдісінде шикізат ретінде пайдаланатын болады. Сонымен қатар, аталмыш зауыт газбен толықтай қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz. 005855