11 Ақпан, 2015

Ақтауды абаттандыруға кәсіпкерлер атсалыспақ

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
5__e1b2b3f8fe582c99244db7c1cde635ddАҚТАУ. 11 ақпан. Ақтау қаласын абаттандыруға жергілікті кәсіпкерлер атсалысатын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршин қаланы абаттандыру бағытында кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, облыс орталығында кәсіпкерлік ісін жүргізіп, өздеріне тиесілі нысанның айналасын абаттандыруға жер телімдерін алу мәселесі заң талаптарына сай белгілі бір уақытты және қаржыны талап ететіндігін айтты. Осы мәселені жою үшін абаттандырылуы тиіс аумақтарды кәсіпкерлермен меморандумға қол қою арқылы шешу келісілгенін атап өтті. – Абаттандыру жұмыстарын жүргізу – қаламыз үшін өте өзекті мәселелердің бірі. Ақтау – жас, көрікті қала. Алайда, түрлі құрылыс-жөндеу жұмыстарынан кейін, климаттық жағдайлардың әсерінен бізде бірқатар абаттандырылмаған аумақтар пайда болады. Әсіресе, қаланың ескі бөлігінде. Осы жылы біз қаланы абаттандырудың концепциясын жасақтадық. Бұл бағытта бір шағын ауданды толықтай абаттандыру (автотұрақ, көлік жолдарын кеңeйту, жаяу жүргіншілер жолдарын салу тағы с.с.) үшін есебіміз бойынша 470 млн. теңге жұмсалады. Сондықтан аталған жұмыстарға инвесторларды да тартуды көздейміз және кезең-кезеңімен жасауды жоспарлап отырмыз, – деген Еділ Терекбайұлы кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде қаланы абаттандыру жұмыстары қолға алынғанын айтты. Кездесу барысында Ақтау қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында екіжақты меморандумдарға қол қойылды.Келісімге қол қойған кәсіпкерлер «Royal Cars Aktau» ЖШС, «Арыстан Моторс» ЖШС, «Ирсимиз» ЖШС, «Нейрон» ЖШС және жеке кәсіпкерлер Д.Фомин, Қ.Бисалиев, И.Гурманаевалар қаланы абаттандыруға бағытталған екіжақты меморандумның әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екендігіне, облыс орталығының одан әрі көркеюіне оң ықпалын тигізетініне сенім білдірді. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz. 8afda066f1e07bfff7e809cde99db3d0