11 Ақпан, 2015

Таразда тапаншамен дүкен тонағандар ұсталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
463976ТАРАЗ. 11 ақпан. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері бірнеше қылмысқа қатысы бар 22 және 23 жастағы Тараз қаласының жергілікті тұрғындарын құрықтады. Бұл туралы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Биылғы жылдың 27 қаңтарында сағат 04.30 шамасында Л. мен Д. есімді күдіктілер алдын-ала сөз байласып, облыс орталығындағы Қонаев көшесінде орналасқан дәріханаға басып кірген. Дәрі-дәрмек сатушыны қарумен қорқыту арқылы күш қолданып, кассадағы 50 мыңнан аса теңгені иеленбекші болған сезіктілер оқиға орнында ұсталды. Оқиға орына шұғыл жеткен Тараз қаласы 3-ПБ жедел-тергеу тобы ұсталған күдіктілерден айғақ ретінде тапанша және ақша алды. Қарақшылық жасаған қылмыскерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оларды тергеу изоляторына қамалды. Сондай-ақ, тергеу барысында күдікті Л. және Д. екеуі 24 қаңтарда түнгі сағат 03.00 шамасында Тараз қаласы, Коммунальная көшесінде орналасқан түнгі дүкенге шабуыл жасап, сатушыға күш қолданып, дүкеннің кассасынан ақшасын алғаны да әшкереленді. Жоғарыда аталған деректер бойынша ұсталған күдіктілер өздерінің жасаған қылмыстық әрекеттерін мойындады. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің басқада қылмысқа қатысы бар жоғы анықталуда және сотқа дейін тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Оралхан Дәуіт. Дерек: Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: newskaz.kz.