11 Ақпан, 2015

Ақтау әуежайы жолаушылар тасымалын арттырады

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo_119364АҚТАУ. 11 ақпан. Ақтау халықаралық әуежайы жолаушылар тасымалдауды 2,5 млн. адамға арттырмақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Авиация- Маңғыстаудағы тасымалдаудың негізі модулі» атты әуежайды дамыту тақырыбында өткен жиында айтылғандай, Ақтау халықаралық әуежайы елімізде жолаушылар легі бойынша 3-орында тұр. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов әуежайды шет ел инвестициясының қатысуымен іске қосылған жалғыз табысты кәсіпорын деп отыр. Онда 80 млн. АҚШ доллары құйылды. Қазір, ол жерде 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта Ақтау-Ыстамбұл, Ақтау-Иран сынды. жан-жақты жаңа бағыттарға тасымал қарастырылуда. Мамандар мұны аймақтың дамуы қарқынымен байланыстырып отыр. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.nur.kz.