
Фото: Видеодан алынған кадр
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта қозғалып бара жатып, сол бағытта кетіп бара жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.
«Кейін мотоцикл жүргізушісі қозғалысын жалғастырып, жолда жұмыс істеп жүрген үш адамды – екі ер адам мен бір әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, екі ер адам оқиға орнында жан тапсырды», делінген хабарламада.
Зардап шеккен әйел ауыр жағдайда қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.