Маман • 10 Сәуір, 2025

Су мамандары Қытайда білім жетілдіреді

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен еліміздегі су мамандарының алғашқы тобы Қытайда біліктілік арттыру курсын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су мамандары Қытайда білім жетілдіреді

Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі қытайлық әріптестерімен тиісті келісімге қол жеткізген болатын. Алғашқы топта 30 маман. Одан әрі 25 адамнан жасақталатын тағы 3 топ Қытайда оқиды. Көрші елдегі екі апталық біліктілікті арттыру курстарынан жалпы саны 105 су маманы өтеді.

Айта кету керек, оқу курсын Қытай тарабы өз есебінен ұйымдастырды және іс-шараға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.

су

«Министрліктің бастамасымен жүзден астам қазақстандық маман өздерінің білімдері мен кәсіби дағдыларын шыңдау мүмкіндігіне ие болды. Қытай су шаруашылығы саласында озық технологияларға ие, сондықтан осы елдің тәжірибесін зерделеу еліміздің су саласын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, біздің министрлік басқа мемлекеттермен де осындай курстарды ұйымдастыру бойынша белсенді келіссөз жүргізіп жатыр. Осыған дейін бірнеше су маманы Франция мен Жапонияда білім алып келді»,  деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Наурыз айында алғаш рет Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған еді. Құжат су ресурстарын ұтымды және орнықты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.