ПЕТРОПАВЛ. 11 ақпан. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сауда айналымына шығарған екі азаматты қолға түсірді. Бұл туралы egemen.kz. тілшісі хабарлады.
Олардың бірі – Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғыны. Ол героинды тұтынушыларға ұсынып жатқан жерінен ұсталды. Сөйтсе, ол көшелерді қардан тазарту жұмыстарымен айналыса жүріп, оңай олжаға кенелуді де ұмытпаған. Бірақ оның бұл ойы нәтижесіз аяқталды.
30 жастағы екінші күдікті үйінде әшкереленді. Оның пәтерін тінту барысында арнайы пакеттерге салынған 9 грамм героин табылды. Сөз арасында оның апасы есірткі заттарын заңсыз айналымға шығарғаны үшін 12 жыл абақтыға қамалғанын айта кеткен жөн.
Ірі көлемде есірткі саудалаушылар тұтқындалып, Қылмыстық Кодекстің 297-ші бабы бойынша айып тағылды. Қылмыстары дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің уәкілі Диана Смағұлованың айтуынша, жыл басынан бері есірткі бизнесімен айналысқан 7 адам ұсталып, бір килоға жуық есірткі заттары алынған.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: narkonet.kz.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше