Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
2014 жылғы 3 қыркүйек №87 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
26 қыркүйек 2014 жылғы №08-1-1-1/428 Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық
мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде
хабарлау туралы қағиданы бекіту туралы
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 135 және 148-баптарын жүзеге асыру мақсатында бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағида бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына орындау үшін жолдансын.
3. Облыс, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары, сондай-ақ оларға теңестірілген прокурорлар осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарларына жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
А.Қ.ДАУЫЛБАЕВ. 3 қыркүйек 2014 жыл
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
Р.С.ЖОШЫБАЕВ. 26 қыркүйек 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
____________ Н.ӘБІҚАЕВ. 27 қыркүйек 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
____________ Қ.ҚОЖАМЖАРОВ. 9 қыркүйек 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметiнің бастығы
____________ А.КҮРЕҢБЕКОВ. 17 қыркүйек 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
____________ Қ.ҚАСЫМОВ. 8 қыркүйек 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
____________ Б.СҰЛТАНОВ. «__» __________ 2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы
____________ Р.ДӘЛЕНОВ. 30 қыркүйек 2014 жыл
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 3 қыркүйектегі №87 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 08-1-1-1/428 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағида
1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, соның ішінде қоса атқарушылар олардың азаматтары немесе олар өкілдік ететін мемлекеттің азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздер бойынша ұсталған және күзетпен ұсталған барлық жағдайлар туралы осы Қағидамен белгіленген тәртіпте хабардар етіледі.
2. Хабарлама прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік кірістер, шекара қызметі органдарының және адамдарды ұстауды жүзеге асыру бойынша өкілеттік берілген басқа да органдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдарымен әзірленеді.
Егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, хабарламалар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолданады.
Хабарламалар сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ қадағалаушы прокурорға жолданады.
3. Шетелдікті ұстауды жүзеге асырған немесе оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш білдірген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ол туралы ұстаған және сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған сәттен бастап 6 (алты) сағаттан аспайтын мерзімде хабарлайды.
Шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттардың жоқ болуы немесе олардың дұрыс еместігі туралы негіз бар, тексеруге жататын құжаттар ұсынылған жағдайларда, жоғарыда көрсетілген хабарламалар ұсталған сәттен бастап 18 (он сегіз) сағаттан аспайтын мерзімде жолданады.
4. Хабарлама осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірленеді және мемлекеттік органдар арасындағы электронды құжат айналымы жүйесі, факс немесе телефонхат бойынша жолданады.
5. Ұсталған, күзетпен ұсталып отырған адамның шет мемлекеттің азаматтығына тиесілігі жеке басын куәландыратын құжат немесе оны алмастыратын құжат бойынша анықталады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар жоқ болса немесе олардың дұрыс еместігі туралы негіздер бар құжаттар ұсынылса, осы адамның азаматтығы ұсталу, күзетпен ұсталып отырған жері бойынша ішкі істер және шекара қызметі органдарының ақпараттық жүйелері арқылы тексеруге жатады.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарламаны із жүзінде ұсталуы, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылуы сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын мерзімде тиісті дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге жөнелтеді.
Хабарламаны дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге жөнелту ресми хат алмасу, электронды пошта, факс немесе телефонхат арқылы жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жыл сайын 30 (отызыншы) қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, Қазақстан Республикасының Қаржы және Ішкі істер министрліктеріне:
Қазақстан Республикасымен бір уақытта консулдық мәселелер бойынша халықаралық шарттарға қатысушы болып табылатын мемлекеттер туралы;
Қазақстан Республикасымен бір уақытта қатысушы мемлекеттер азаматтарының ұсталуы, күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау міндеттемелері қамтылатын халықаралық шарттардың қатысушы болып табылатын мемлекеттер туралы ақпаратты ұсынады.
8. Осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың Қазақстан Республикасына немесе халықаралық шартқа Қазақстан Республикасымен бір уақытта қатысушысы болып табылатын басқа шет мемлекетке қатысты қолданысы тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті халықаралық шарттың қолданысы тоқтатылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағиданың 7-тармағында аталған мемлекеттік органдарды хабарландырады.
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағидаға қосымша
Шығыс күні мен нөмірі
Шетел азаматының ___________________________ жөніндегі
(ұсталғаны, күзетпен ұсталғаны)
ХАБАРЛАМА
УВЕДОМЛЕНИЕ
о ___________________________ иностранного гражданина
(задержании, содержании под стражей)
1. Азаматтығы/
Гражданство
2. Аты – жөні/
Ф.И.О.
3. Туған күні, айы, жылы және туған жері/
Дата и место рождения
4. Жеке басын куәландыратын құжаттар/
Документы, удостоверяющие личность
5. Тұратын немесе тіркелген мекен-жайы/
Адрес проживания или регистрации
6. Ұсталған, күзетпен ұсталған уақыты, күні мен жері /Время, дата и место задержания, содержания под стражей
7. Ұсталу, күзетпен ұсталу себебі/ Причины задержания, содержания под стражей
8. Қосымша мәліметтер/
Дополнительные сведения
__________________________ ________________
(Т.А.Ә. және лауазымы) (қолы және мөрі)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9774 болып енгізілді.